Семинар-тренинг (өту мерзімі: 2017 жылдың 20-21 желтоқсан айында)

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты оқу тәрбие-ісі жұмыс орынбасарларына, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне біліктілігін арттыруға арналған «CLIL әдістемесі: ағылшын тілінде жалпы білім беретін пәндерін оқыту үдерісінде пәндік-тілдік жүйеде интегралды оқыту», «Методика CLIL (КЛИЛ): предметно-языковое интегрированное обучение в процессе преподавания общеобразовательных дисциплин на английском языке» атты семинар-тренинг  өткізгендігі жайлы хабарлайды.

     Семинар-тренингтің мақсаты – интегративті оқу үдерісінің принциптерін, мазмұны мен құралдарын анықтауға қатысты бірқатар мәселелерді зерттеу барысында, тілдік емес пәнді (мысалы, математиканы) екі тілде оқытудың үлгісін қалыптастыру. Сонымен қатар, көптілді мәдени кеңістіктегі әртүрлі тілдік жағдайға бейімделе алатын екі тілді-тұлғаны қалыптастыруға бағытталған білім беру әдістерін талқылау және тәрбиелік міндеттерді қарастыру.